GSB PRO, сылақ тегістегіш 2-і 1-де
- Бір қабат екеудің орнына
- Сылақ/тегістегіш 50/50
- Серпімді
- Экологиялық таза, иіссіз
- Жағылу қалыңдығы - 2-30 мм
- Түсі - ақ
GSB PRO сылақ тегістегішінің техникалық мәліметтері:
Қолданылуы:
Гипс, кірпіш, бетон, газобетон, пеноблок және гипсокартон беттерін тегістеу үшін қолданылады. Гипсті сылақ қоспасы тегіс бет алуға мүмкіндік береді. Ішкі жұмыстарға, құрғақ бөлмелерде қолдануға арналған.
Негіз құрғақ, берік, шаңнан, кірден, әктен, ескі тұсқағаздар мен бояулардың қалдықтарынан тазартылуы керек. Суды сіңіруді азайту үшін негізді терең енетін ALIT UNICORE грунтовкасымен алдын-ала өңдеңіз.
GSB PRO сылақ тегістегішінің ерітіндісін дайындау:
1 кг құрғақ қоспаға 400-450 гр. су қосып, қолмен немесе электрбұрғысы арқылы біркелкі болғанша араластырылады. Дайын қоспаны 5 минуттан кейін қайта араластырыңыз. Әзірленген қоспаны 1 сағат ішінде қолдану қажет.
GSB PRO сылақ тегістегішінің қолдану тәсілі:
Сылақ қолмен жағылады, содан кейін тегістеледі. Ұсынылатын қалыңдығы 2 мм ден 30 мм-ге дейін.
Бірнеше қабатқа жағылған кезде, келесі қабатты қолданар алдында, алдыңғы қабаттың толығымен кепкеніне көз жеткізу керек.
Гипс байланыстырғышы, толтырғыштар және негізге жақсы адгезияны, жұмыстың жеңілдігі мен сенімділігін қамтамасыз ететін арнайы полимерлі қоспалар жиынтығы негізінде жасалады. Қоспада денсаулыққа зиянды заттар жоқ.
ШТУКАТУРКА ГИПСОваЯ БЕЛАЯ Alit GSB | Цена на сайте